UFC
Бүгін 16:42
 

Нұрбек Оралбай бірінші айқасында бес дүркін чемпионмен жұдырықтасты

  Пікірлер

blog.share

Нұрбек Оралбай бірінші айқасында бес дүркін чемпионмен жұдырықтасты ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарында бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарында бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда ол Ауғанстанның бес дүркін чемпионы Силаб Нуримен кездесті. Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Нұрбек Оралбай - 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Бұған дейін Жапониядағы турнирде Махмұт Сабырхан да алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстанның бокс құрамасынан 2026 жылғы Азия ойындарында бұған дейін төрт боксшы жарыстан шығып қалды: Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалық (80 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін) және Виктория Графеева (60 келіге дейін) бірінші айқастарында жеңілді.

Нагоядағы бокс турнирі 2 қазанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!