Азиада
29 шілде 2021 16:25
 

"Нәтижеге ұзаққа созылған бірінші сет тікелей әсер етті". Рыбакина соңғы ойынын сараптап берді

  Пікірлер

blog.share

"Нәтижеге ұзаққа созылған бірінші сет тікелей әсер етті". Рыбакина соңғы ойынын сараптап берді Сурет: olympic.kz

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио Олимпиадасындағы алғашқы жеңілісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Токиодан. 

blog.share

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио Олимпиадасындағы алғашқы жеңілісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Токиодан. 

Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина бүгін, 29 шілде күні швейцариялық теннисші Белинда Бенчичке есе жіберді, енді "қолаға" таласатын болады. 

"Мәселе үшінші сетте емес, бірінші сетте болды. Мен бірінші сетті алуыма болатын еді, бірақ ала алмадым. Ал үшінші сетте физикалық тұрғыдан шаршасам, психологиялық тұрғыдан ойымды жинақтау қиын болды. Жалпы бірінші сеттің ұзақ болуы ойынның нәтижесіне тікелей әсер етті. Мен жылдам ойнаймын, сондықтан матч қаншалықты ұзақ болса, маған соншалықты ойынға қайта оралу қиын. 

Әрине, үшінші орынға таласу - "қызық". Әдеттегі турнирлерде бірден шығып кетіп жатсаң, мұнда бәрі басқаша болғалы тұр. Бізде енді демалып, жинақталуға бір күн бар. "Қола" үшін ойын сәтті болады деп сенемін" - деді Рыбакина.

Қоса кетейік, Елена - Токио Олимпиадасында теннистен жартылай финалға дейін жеткен жалғыз қазақстандық спортшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!