Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасындағы өзінің өнері жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Токиодан. Бүгін ол үш қарғып секіруден іріктеуге қатысып, финалға өте алмады.
Бүгінгі сайысқа баға беру қиын. Не дегенмен төртінші Олимпиада, салыстыру жасауға болады. Маған әдетте стадионның атмосферасы шабыт сыйлайды. Жанкүйер көп болғанда, энергетика да басқаша. Алайда бүгінгі нәтижем тек көрерменнің жоқ болуына байланысты дегім келмейді. Өзімдегі бар күш жеткенше қарғыдым. Қателік қай тұста болғанын қазір дөп басып айту қиын. Кей жерлерде бұрынғы жарақаттар да әсер еткендей болды. Бірақ бүгін жолым болмады.
Мен жерлестеріме ризамын. Маған қолдау білдіргендеріне, сенім артқандарына рақмет. Алайда бүгінге нәтиже осы.
Париж туралы әлі айту тым ерте. Бірақ келесі Олимпиадаға қатыспайтын шығармын. Спорттан кетіп, немен айналысатынымды шешпедім. Бір идеяларым бар және олар спортқа байланысты. Мен спорттың ханшайымы саналатын жеңіл атлетиканың фанатымын. Сондықтан Ханшайым Қазақстанда ханшайымға лайық өмір сүрсе деп ойлаймын. Бұл менің негізгі ұстанымым. Келер ұрпақтың осы спортты дамытуына үлес қосып, Қазақстанда жеңіл атлетика көшбасшы спорт түріне айналса деймін.
Естеріңізе сала кетейік, Ольга Рыпакова 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының "күміс", Рио-2016 ойындарының "қола" жүлдегері.