Қытайдың атынан сынға түскен қазақ балуаны Олимпиада ойындарының жүлдегері атанды
Грек-рим күресінен Қытай атынан сынға түскен қазақ балуаны Уәлихан Сайлике Олимпиада ойындарының қол жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Грек-рим күресінен Қытай атынан сынға түскен қазақ балуаны Уәлихан Сайлике Олимпиада ойындарының қол жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
60 келі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белбесуде қандасымыз украиналық Ленур Темировты 3:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қытай құрамасы жүлде көрсеткіші бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орында келеді. Бұл елдің еншісінде 59 жүлде (28 алтын, 16 күміс, 15 қола) бар.
Дәл осы салмақта Қазақстан намысын Мейрамбек Айнағұлов қорғаған еді. Бірақ отандасымыз бірінші айналымда қырғыз Жоламан Шаршенбековпен кездесіп, жеңіліп қалды.
Жарнама