auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қысқы Азиада-2017 ойындарында Қазақстан туы көтерілді

Қысқы Азиада-2017 ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді.

Қысқы Азиада-2017 ойындарында Қазақстан туы көтерілді
©Данияр Майлыбаев
Жапонияның Саппоро қаласында өтетін Қысқы Азиада-2017 ойындарында Қазақстан туы ресми түрде көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ту көтеру рәсімі бүгін, 17 ақпанда өтті. Бұл туралы толығырақ ҚР Спорт және мәдениет министрлігі жанындағы спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов айтып берді.



"Бұл әдеттегі Азия елдерінің спортшылары қатысатын іс-шара. Туымыз көтерілді, әнұранымыз орындалды. Енді біз континенттік жарысқа ресми түрде қатысамыз. Командаларымыздың барлығы келді. Үлгермей қалғандары енді келе жатыр. Қатысушыларға барлық жағдай жасалған. Енді жарыстарға дайындықты бастаймыз", - деді Елсияр Қанағатов.

Сондай-ақ, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы бұл ойындарда кімдерден жеңіс күтетінін айтып өтті. "Могулшыларымыздан Юлия Галышева мен Дмитрий Калмыков, биатлоннан Галина Вишневскаядан жақсы нәтиже күтеміз. Сондай-ақ, шаңғы жарысынан қатысатын Николай Чеботько мен Сергей Черепанов бар. Олар жақсы өнер көрсете алатындарын дәлелдегісі келеді", - деді Қанағатов.

Еске сала кетейік, Қысқы Азиада-2017 ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді. Спортшылар жарыстың 11 түрінен өнер көрсетіп, 64 медальға таласады. Қазақстан құрамасының спортшыларын мына жерден көре аласыздар.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар