Чилилік тхэквондист Фернанда Агирреден коронавирус анықталды. Бұл туралы Чили Олимпиада комитетінің твиттері-аккаунты хабарлады.
21 жастағы спортшы қыз екі рет тест тапсырған. Екі тесттен де Агирренің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бірақ тхэквондошы қызда вирустың ешқандай белгілері болмаған. Ол 10 күндік карантинге жіберілді. Енді Фернандо Токиодағы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды.
Айта кетейік, жалпы 1 шілдеден бастан 75 адамнан коронавирус анықталды. Олардың ішінде спортшылар, ресми өкілдер және делегация мүшелері бар.