Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Токиодағы Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады, деп жазады Vesti.kz порталы.
61 кило салмақта өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда мысырлық Ферьял Абдельазизбен кездесіп, 4:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Софья Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарындағы сегізінші қола жүлдесі.