Грек-рим стилінде күресетін қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали Олимпиадағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
60 келі салмақатың 1/8 финалында қазақ балуан қырғызстандық Жоламанг Шаршенбековпен белдесті. Бастапқыда Айдсо 3:2 есебімен басым түсіп тұр еді, кейін 6:3 есебімен есе жіберіп алды.
"Қарсыласым әлемдегі нөмірі бірінші балуандардың қатарында. Оған әрі қарай сәттілік тілеймін. Егер ол финалға шықса, жұбаныш белдесулері арқылы қола медальға үміт етеміз.
Кілемде қырғын болды, барымды салдым. Алғашқы екі ұпайды алып тастайтынын да білдім. Себебі, ол өзі аяғыма отырғандай болды. Сондықтан, әрі қарай әдіс істесем, бәрібір артқы камерадан қарап, шегеріп тастайтын еді.
Бапкерлерімнің тактикасымен шамам жеткенше күрестім. Ал қалай өз күресіме салдым, солай ұпай алды қарсыласым. Енді Жоламанның финалға жетуін тілеймін", - деді Сұлтанғали.
Айта кетейік, атақты қырғыз балуаны екі әлем чемпионатында жеңіске жеткен, әлем Кубогін иеленген және Азияда алтынын алған, сонымен қоса, Азия біріншілігінің үш алтын қанжығасына байлаған.