Қазақстанның нөмірі бірінші теннисшісі Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының екінші кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz порталы.
Олимпиаданың бірінші айналымында отандасымыз австралиялық Саманта Стосурге қарсы ойнап, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Енді екінші айналымда мысырлық Майар Абдельазиз және швециялық Ребеке Петерсон арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.