auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық спортшылар Азиада-2018 жарысында медальдары үшін қанша табыс тапты?

Алтын медаль үшін - 10 мың АҚШ доллары, күміс - бес мың, ал қола - үш мың доллар.

Қазақстандық спортшылар Азиада-2018 жарысында медальдары үшін қанша табыс тапты?
Сурет Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінен
0
Индонезияда бүгін, 2 қыркүйекте, жазғы Азиада-2018 додасы аяқталады.Жарыстың соңғы күнінде қазақстандық спортшылар қатыспайды. Қазақстан құрамасы Индонезиядан 76 медальмен кетіп барады, оның 15 алтын, 17 күміс және 44 - қола. Vesti.kz отандық спортшылардың осы Ойындарда қанша табыс тапқанын есептеді.

Азиада және басқада жарыс түрлерінен сыйақы төлеу 2014 жылы 19 желтоқсанда ҚР үкіметінің үкіміне сай реттеледі. Алтын медаль үшін - 10 мың АҚШ доллары, күміс - бес мың, ал қола - үш мың доллар.

Азиадада спортшы екі немесе одан да көп медаль алған жағдайда, оның сыйақы мөлшері екі еселенеді - мысалы, велошабандоз Алексей Луценко екі алтын медалі үшін 20 мың АҚШ долларын алады, ал Дмитрий Баландин үш қола үшін тоғыз мың доллар алады.

Сонымен қатар, үкімде командалық спорт түрінің және эстафеталық жарыстардың жеңімпаздарына жүз пайыздық сыйақы төленетіні айтылған - мысалы, Су полосынан Қазақстан ерлер құрамасының 13 ойыншысы алтын медаль үшін 10 мың АҚШ долларын алады.

2018 жылы Азиада ойындарында жеңімпаз атанған чпортшылар 320 мың АҚШ долларын алады, күміс жүлдегерлер - 225 мың доллар, ал қола - 222 мың. Спортшыларға төленетін сыйақының жалпы есебі - 767 000 доллар (276 миллион 480 мың доллар).

Бапкерлер үшін де сыйақы қарастырылған. Универсиада мен Олимпиадаға қарағанда, Азиада жарысында мамандары спортшыларға қарағанда аз алады. Құрлықтық Ойындарда бапкер алтын медаль үшін - бес мың АҚШ доллар, күміс - үш мың, ал қола - екі мың. Бұл сома бірінші және жеке бапкер арасында бөлінеді.

Азиада-2018 додасында барлық жеңімпаздың бапкері 160 мың АҚШ долларын алады, күміс - 135 мың, ал қола - 148 мың. Жалпы есепте бапкерлерге 443 мың АҚШ доллар (161 миллион теңгеден аса) төленеді.

Осылайша, Қазақстан спортшылар мен бапкерлерге сыйақыға  1 миллион 210 мың АҚШ долларын (440 миллион 185 мың теңгеден аса) жұмсайды. Төлемдер республикалық бюджеттен ҚР Ұлттық банк қазіргі бағамымен төленеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар