Азиада
26 шілде 2021 12:46
 

Қазақстандық спортшы Олимпиадада Еуропаның 20 дүркін чемпионынан ұтылды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық спортшы Олимпиадада Еуропаның 20 дүркін чемпионынан ұтылды Сурет: olympic.kz

Қазақстандық Кирилл Герасименко Токиодағы Олимпиадада үстел теннисінен жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Кирилл Герасименко Токиодағы Олимпиадада үстел теннисінен жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Үшінші тур матчінде Герасименко германиялық атақты Тимо Боллмен ойнады. Қазақстандық спортшы бірінші геймді ұтты (11:7), алайда, келесі төртеуінде ұтылып қалды (6:11, 7:11, 2:11, 1:11). Осылайша, ол олимпиадалық турнирден шығып қалды. 

Айта кетейік, Болл - командалық біріншілікте Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері, Әлем кубогін екі рет ұтқан, әлем чемпионаттарында сегіз рет жүлделі болған, Еуропаның 20 дүркін чемпионы, Еуропалық ойындарда екі рет жеңімпаз атанған, жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!