Азиада
Бүгін 18:49
 

Қазақстандық семсерші Азия ойындарында жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық семсерші Азия ойындарында жүлде жеңіп алды ©Сали Сабиров/ҚР ҰОК

Қазақстандық семсерлесуші Артем Саркисян Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

blog.share

Қазақстандық семсерлесуші Артем Саркисян Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Отандасымыз ерлер арасында қылыштасудан жекелей жарыста жүлдеге ие болды.

Ширек финалда Саркисян Оңтүстік Корея өкілі До Гёндонды 15:14 есебімен жеңді. Ол командалық жарыста Олимпиада чемпионы.

Жартылай финалда Артем тағы бір оңтүстіккореялық семсерлесуші О Сан Укпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қарсыласына 9:15 есебімен есе жіберіп, жекелей жарысты қола медальмен аяқтады.

О Сан Ук – үш дүркін Олимпиада чемпионы. 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында ол жекелей және командалық жарыста жеңіске жетсе, 2020 жылы Токиодағы Олимпиадада командалық бәсекеде топ жарған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!