Қазақстандық ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.
Отандастарымыз екілік-байдаркада 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:48.140 уақыт нәтижесін тіркеді. Осылайша Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая күміс жүлдеге ие болды.
Қытайлықтар Юй Шимэн және Инь Мэнди бірінші орын алды - 1:45.010. Ал Арина Танатмишева мен Екатерина Шубина (Өзбекстан) қола жүлдеге ие болды - 1:49.585.
Ал ерлер арасындағы екілік-каноэде Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:44.972 уақыт нәтижесін тіркеді. Осылайша Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов қола жүлдеге ие болды.
Қытайлықтар У Шэнъюэ и Цзи Бовэнь бірінші орын алды - 1:40.741. Өзбекстандықтар Артур Гулиев пен Владлен Денисов күміс алды - 1:42.878.
Жарнама