Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова XX жазғы Азия ойындарының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
51 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Қазақстанның екі дүркін әлем чемпионы Үндістан боксшысы Сакшимен кездесті.
Жекпе-жектің үш раундында да Балқыбекова басым түсті. Алғашқы екі раундта төрешілер 3:2 есебімен қазақстандық боксшыға басымдық берсе, шешуші раундта тағы бір төреші Алуаның пайдасына дауыс беріп, есеп 4:1 болды. Нәтижесінде жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен Балқыбекованың пайдасына аяқталды - 3:2.
Ширек финалда Алуа Тәжікстан боксшысы Фариза Якубованы жеңген жапониялық Юна Нишинакамен кездеседі. Жартылай финалға жолдама сарапқа салынатын жекпе-жек 28 қыркүйекте өтеді.
Айта кетейік, 30 жастағы Балқыбекова 2025 жылы екі әлем чемпионатында жеңіске жетіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды.
Бұған дейін құрлықтық додада 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Төрехан Сабырхан да ширек финалға жолдама алған болатын. Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді.
Жарнама