Азиада
22 шілде 2021 12:46
 

Қазақстандық дзюдошылардың Токио Олимпиадасындағы бірінші қарсыластары белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық дзюдошылардың Токио Олимпиадасындағы бірінші қарсыластары белгілі болды Елдос Сметов. © instagram/smetoveldos

Дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі аяқталып, қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

blog.share

Дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі аяқталып, қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Осылайша, 60 келіде Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды. Сметовтің қарсыласы – М. Аққұс (Түркия)/Намгел Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазы болмақ.

66 келіде Ерлан Серікжановтың Токио татамиіндегі алғашқы қарсыласы – әзербайжандық Орхан Сафаров.

73 келіде Жансай Смағұлов Олимпиададағы алғашқы кезеңде армениялық Фердинанд Карапетянмен кездеседі.

81 келіде Дидар Хамза Токио ойындарындағы бірінші белдесуде моңғолиялық Саид Моллаимен жолығады.

90 келіде Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарындағы алғашқы айналымда әзербайжандық Мамедәлі Мехдиевпен белдеседі.

Әйелдер арасында 48 келі Рио Олимпиадасының жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің бірінші айналымдағы қарсыласы - қытайлық Ли Янянь.

Жарнама

Живи спортом!