Каратеден Қазақстан құрамасының өкілі Әсел Қанай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында өнер көрсетті.
Жерлесіміз 61 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Чакрия Ваннмен (Камбоджа) жұдырықтасты. Нәтижесінде Әсел Қанай 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшының финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.
Жарнама