Азиада
2 тамыз 09:51
 

Қазақстан құрамасынан бесінші боксшы Олимпиададан шығып қалды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасынан бесінші боксшы Олимпиададан шығып қалды ©Тұрар Қазанағапов

Бүгін түнде Париж Олимпиадасында қазақстандық бкосшы Мұхаммедсабыр Бзарбайұлы ширек финалдық айқасын өткізді.

blog.share

Бүгін түнде Париж Олимпиадасында қазақстандық бкосшы Мұхаммедсабыр Бзарбайұлы ширек финалдық айқасын өткізді.

63,5 келіде өнер көрсететін қазақ боксшының қарсыласы грузиялық Лаша Гурули болды. Бірініші раундта Мұхаммедсабыр басым болды (5:0), ал кейінгі екеуі грузиялық боксшының пайдасына шешілді (5:0, 3:2).

1/2 финалға өту арқылы Гурули кемі Олимпиаданың қола жүлдесіне ілігіп отыр.

Мұхаммедсабыр ерлер арасында Олимпиаданы жүлдесіз аяқтап отырған бесінші боксшы. Бұған дейін Махмұт Сабырхан (57 кг), Асыланбек Шымбергенов (71 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қонқабаев (92 келіден аса) Олимпиададан шығып қалған еді.

Ал жүлде үшін жарысты Сәкен Бибосынов (51 кг) пен Нұрбек Оралбай (80 кг) жалғастырады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!