UFC
Бүгін 12:28
 

Қазақстан әйелдер құрамасы скиттен Азиаданың күмісін жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан әйелдер құрамасы скиттен Азиаданың күмісін жеңіп алды ©ҚР ҰОК/ Сали Сабиров

Стенд атудан Қазақстанның әйелдер құрамасы Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында күміс жеңіп алды.

blog.share

Стенд атудан Қазақстанның әйелдер құрамасы Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында күміс жеңіп алды.

Скит бағдарламасындағы командалық сайыста Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаева күміс жүлдеге қол жеткізді.

Командалық есеп үш спортшының іріктеу кезеңіндегі нәтижелері бойынша шығарылды. Қазақстан құрамасы 336 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Командалық сайыста 357 ұпай жинаған Қытай құрамасы жеңімпаз атанды. Үндістан командасы 331 ұпаймен қола жүлде иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!