auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақ боксшылары Азия ойындарында алғаш рет алтын алмады

Финалға шыққан екі боксшымыз да өзбекстандық қарсыластарына есе жіберді...

Қазақ боксшылары Азия ойындарында алғаш рет алтын алмады
Olympic.kz
0
Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында ұйымдастырылған XVIII жазғы Азия ойындарында қазақ боксшыларына алтын бұйырмады. Бұйырмады деп айтқанымыз дұрыс шығар. Себебі биылғы жарыста ауыр салмақтағы боксшылар бақ сынаған жоқ. Төрешілердің де бұра тартқан тұстары болды.

Қазақстандық спортшылар жазғы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Содан бергі аралықта боксшыларымыз сары құрлықтың басты додасынан жеңімпаз атанбай қайтқан сәттері болмаған. Атап айтар болсақ, еліміз алғаш қатысқан Хиросимадағы жарыста Нұржан Сманов (67 кг) пен Қанатбек Шағатаев (71 кг) жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Араға 4 жыл сала Бангкокта өткен Азия ойындарында қазақ боксшылары 3 алтын медаль еншіледі. Ермахан Ибраимов (71 кг), Вячеслав Бурба (75 кг) мен Мұхтархан Ділдәбеков (+91 кг) топ жарды.

2002 жылғы Азия ойындары Пусанда өтті. Бұл жарыста Нұржан Кәрімжанов (64 кг) пен Геннадий Головкин (71 кг) алтыннан алқа тақты. 2006 жылы Дохада бір боксшымыз ғана жеңімпаз атанды. Ол – Бақыт Сәрсекбаев (69 кг) еді.

Гуанчжоуда (2010 жыл) қазақ боксшылары екі алтын алды. Бірін – Серік Сәпиев (69 кг), екіншісін Данияр Елеусінов (64 кг) еншіледі.

2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындары қазақ боксшылары үшін аса табысты болды. 6 бірдей былғары қолғап шеберіміз азуын айға біледі. Данияр Елеусінов (69 кг) Азия ойындарында екі рет қатарынан топ жарған алғашқы боксшы атанды. Ілияс Сүлейменов (52 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Антон Пинчук (91 кг) пен Иван Дычко (+91 кг) жеңімпаз атанып, қазақ елінің абыройын асырды. Боксшыларымыз бұрын-соңды болмаған биік белесті бағындырды.

Биылғы Азия ойындарында боксшыларымыздың жолы болмады. Сондай-ақ ауыр салмақ дәрежесі алынып тасталды. Бұл да жүлде алатын жолымызды бөгеді. Екі боксшымыз ғана финалға шықты.

75 кг-ға дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұл Азия ойындарының жеңімпазы атана алмады. Ашылу салтанатында Қазақстанның туын көтеріп шыққан боксшы финалда өзбек боксшысы Исраил Мадримовқа жол берді. Төрешілер 3:2 (27:28, 27:28, 28:27, 29:26, 28:27) есебімен қарсыласын жеңімпаз деп таныды. Азия ойындарына алғаш қатысқан Әбілханның жүлдесі алтын болмады, күміс болды.

Қазақтың салмағы атанып кеткен 69 кг-ғы алтынды да өзбектер "өңгеріп" кетті. Өкінішті-ақ... Асланбек Шымбергенов қарсыласына есе жіберді. Төрешілер 3:1 есебімен өзбек боксшысы Баба Усмон Батуровқа жеңісті сыйлады. Азия ойындарында 2006 жылдан бері бұл салмақта қазақ боксшылары атой салып келген еді. Амал қанша?... Келесі Азия ойындары оралғанша...

XVIII жазғы Азия ойындарында Өзбекстан құрамасы алдына жан салмады. Ала шапанды ағайындар 5 алтын, 2 күміс медаль еншілеп, жалпы есепте бірінші орын алды. Ал Қазақстан құрамасы үздік үштікке енбеді.

1. Өзбекстан - 5 алтын, 2 күміс;
2. Моңғолия - 1-1-0;
3. Үндістан - 1-0-1;
4. Қазақстан - 0-2-0;
5. Филиппин - 0-1-2;
6. Солтүстік Корея -0-1-0;
7. Таиланд - 0-0-4;
8. Қытай - 0-0-3;
9-12. Индонезия - 0-0-1;
9-12. Жапония - 0-0-1;
9-12. Иордания - 0-0-1;
9-12. Қырғызстан - 0-0-1.

Азия ойындарындағы бокс бәсекесі соңынан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов әділетсіздік көп болғанын айтып, ағынан жарылды. Бұл туралы ҚР ҰОК ресми сайтына берген сұхбатында айта кетті.



- Азия ойындарына бес жүлде аламыз деп келгенбіз. Оған шамамыз да жететін еді. Алайда, тым төмен нәтиже көрсетіп отырмыз. Әр ел өз спортшысын қорғайды. Сол себепті, бір елдің соңына түсіп алғанымыз дұрыс болмас. Жігіттер бар күшін салды, оларға айтарым жоқ. Көптеген кедергілер мен келеңсіз жайттар орын алып отыр. Финалға дейін үш боксшымыздың жолын кескен. Енді, міне, екі жігітіміздің алтынын тартып алды. Сабыр қылғаннан басқа амал жоқ.

Жалпы, бізге шаршы алаңдағы қарсыластармен ғана емес, басқалармен де күресуге тура келді. Қайрат Ералиевті алып тастағаннан кейін-ақ, қиын соғарын сездім. Тіпті, Азия ойындарына аттанар кезде де бұл белгілі болған. Себебі, біздің бір өкіліміз жоқ. Қазақстандық төрешілер де алынбаған. Сондықтан Азия ойындарында саясат жеңді.

Асланбек Шымбергеновке жоқ жерден ескерту беріп, ұпайын алып тастады. Боксшыға үш-төрт рет ауызша ескерту берілген соң ғана, ұпайын алып тастаушы еді. Бұл жолы бірден...

Жігіттерге айтар өкпем жоқ. Бар күшін салды, - деді Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, биылғы Азия ойындарында күрес түрлерінен де қазақ спортшылары алғаш рет алтынсыз қайтты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар