Қазақстандық каратеші Дархан Асаділов Токио Олимпиадасындағы жарыс жолын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
67 келіге дейінгі алдын ала раундта Дархан түркиялық Эрай Самданды 6:2 есебімен жеңді. Келесі қарсылас әзербайжандық Фирдовси Файзалиев.
Бүгін қазақстандық тағы бір каратеші Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) да татамиге шығады.
Жартылай финалға шығу үшін топта бірінші немесе екінші орын иелену керек.