Азиада
30 шілде 14:37

Қарағандыда туған дзюдошы Париж Олимпиадасының алтынын алды

©Халықаралық дзюдо федерациясы

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан әзірбайжандық Хидаят Гейдаров бүгін 73 келі салмақта чемпион атанды.

Ол финалда Франция дзюдошысы Джоан-Бенжамин Габаны иппон әдісімен жеңді.

Айта кетейік, Гейдаров 1997 жылы 27 шілдеде Қазақстанның Қарағанды қаласында дүниеге келіпті. Хидаят 3 жасқа толғанда отбасы Бакуге көшіп кеткен. Бакуде ол 6 жасынан бастап спортпен шұғылдана бастайды.Гейдаровты бала күнінен қазірге дейін бір ғана бапкер - Тарлан Гасанов жаттықтырады екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport