Қазақастандық боксшы Қамшыбек Қонқабаев Париж Олимпиадасында жекпе-жек өткізді.
92 келіден аса салмақта өнер көрсететін Қамшыбек алғашқы айқасында испаниялық Гадфе Дриссимен жұдырықтасты. Бірінші раундта төрешілер жеңісті Қонқабаевқа берді - 3:2. Екінші раунд испаниялықтың есебіне жазылды - 4:1. Осылай аралық есеп 1:2 Дриссидің пайдасында болды.
Үшінші раундта да Қамшыбек жеңді - 4:1, бірақ, бұл жалпы басымдыққа жетпей, испаниялық 3:2 есебімен жеңіске жетті.