Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарына байланысты бірінші рет пікір білдірді
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы Олимпиада ойындары туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы Олимпиада ойындары туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Еске салайық, Қоңқабаев 91 килодан ауыр салмақта қола жүлдегер атанды. Жүлдені ол 8 тамыз күні Баходир Жалолов пен америкалық Ричард Торрес арасындағы кездесуден кейін берді. Финалда өзбек боксшысы жеңіп, Олимпиаданың чемпионы атанды.
"Бірінші кездесуде мұндай көрсеткішке қол жеткізгеніме қуаныштымын. Олимпиаданың қола жүлдесі - ол да үлкен жетістік. Бірақ бұл көрсеткіште тоқтап қалмаймын. Әлемдік аренада халқымды әлі қуантамын. Жігіттер рингте жеңіске жету үшін бар күшін салды. Кез-келген жеңістің артында үлкен еңбек жатыр. Көзге көрінетін жарақат бар. Сонымен қатар көрінбейтін де жарақаттар болады. Жігіттер қолынан келгенше өнер көрсетті. Қателікпен жұмыс істейміз. Алда әлі талай жарыстар бар. Сол жарыстарда ел намысын абыроймен қорғау үшін жаттығамыз", - деді Қоңқабаев.
Айта кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сегіз қола жүлде жеңді.
Жарнама