"Жалғыз жаттыққан қиын екен". Үздік бестікке кірген қазақстандық гимнаст алғашқы Олмпиадасы туралы
Спорттық гимнастикада ел намысын қорғаған Милад Карими 2024 жылы Франция астанасы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысады. Бұл туралы 22 жастағы Алматы қаласының тумасы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Спорттық гимнастикада ел намысын қорғаған Милад Карими 2024 жылы Франция астанасы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысады. Бұл туралы 22 жастағы Алматы қаласының тумасы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
"Маған қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Алыста жүрсем де отандастарымыздың қолдауын сезіндім. Олимпиада ойындарна тоқталсам, Токиоға 16 күн бұрын барып дайындық өткіздім. Жалғыз жаттыққан қиын екен. Жарыс болатын күнді тағатсыздана күттім. Шынымды айтсам, тек жоғары нәтиже күттім. Жүлдеге таластым. Себебі соңғы кездері Жазғы ойындарда жақсы нәтиже көрсету үшін аянбай тер төккен едім. Келесі Олимпиада туралы айту әлі ерте. Себебі мен әлі де болса Токиодағы ойындардың эйфориясымен жүрмін. Алдымен демалыс аламын. Содан кейін халықаралық жарыстар басталады. Бұйырса Париж Олимпиадасында жүлделі орыннан көрініп қалармыз. Міндетті түрде жүлдеге таласамын. Әлі көп жұмыс істеу керек", - дейді Карими.
Еске салайық, алғашқы Олимпиадасына қатысқан Милад Карими Токио төрінде үш финалға жолдама алды. Еркін жаттығуда 5 орын, көпсайыс бәсекесінде 14 және гимнастикалық керме снарядының финалында 8 орын иеленді.
Жарнама