Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Парижде Олимпиада ойындарына қатысқалы жатқан ұлттық құрама спортшыларымен кездесті. Боксшылардың дайындығына арнайы тоқталып, сәттілік тіледі.
Париждегі бокс бәсекесі 27 шілде күні басталады. Жеребе тарту рәсімі 25 шілде күні өтеді. Одан кейін барып ресми кесте жарияланатын болады.
Айта кетейік, Париждегі бокс бәсекесіне Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Әйелдер арасында үш боксшымыз жүлдеге таласады.