Азиада
24 шілде 2021 15:35

Елдос Сметов Олимпиаданың қола жүлдесіне таласатын болды

Сурет: ҰОК

Токио Олимпиадасында дзюдодан жартылай финал жекпе-жектері жалғасуда. Өкінішке қарай, қазақстандық Елдос Сметов қарсыласына қосымша уақытта есе жіберді, деп жазады Olympic.kz. 

60 келі салмақта белдескен Елдос Сметов жартылай финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, жапониялық Наохиса Такатомен кездескен болатын. 

Тартысты кездесу шамамен он минутқа созылды. Өйткені, балуандар кездесудің негізгі уақытында жеңімпазды анықтай алған жоқ. 

Golden Score кезеңінде Елдос бар күшін салғанымен, қарсыласы "ваззари" ұпайын еншілеп, финалға өтті.

Осылайша, Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола медаліне таласады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport