Азиада
3 тамыз 2021 15:37
 

"Екінші раундтан соң бапкерім намысымды оятты". Бибосынов Олимпиаданың ширек финалындағы кездесуі туралы пікір білдірді

  Пікірлер (1)

blog.share

"Екінші раундтан соң бапкерім намысымды оятты". Бибосынов Олимпиаданың ширек финалындағы кездесуі туралы пікір білдірді Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Бокстан Токио Олимпиадасының жартылай финалына өткен Сәкен Бибосынов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, бүгінгі жекпе-жегін қорытындылады.

blog.share
1

Бокстан Токио Олимпиадасының жартылай финалына өткен Сәкен Бибосынов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, бүгінгі жекпе-жегін қорытындылады.

"Жекпе-жек ауыр өтті. Бірінші раундтан басымдық танытқаныммен, екінші раундта қате жібердім. Бойымның ұзындығына қарамастан, қарсыласымды өзіме жақындатып алдым. Негізі, қарсыласым лас жұдырықтасады екен.

Екінші раундтан соң бапкерім намысымды оятып, келесі кезеңге жақсы тактика қойып берді. Сол кісінің айтқандарын түгел орындадым. Енді алдағы қарсыласым да оңай емес.

Ұлыбританиялық боксшымен спарринг кездесулерін өткізгенмін, бірақ әлі ресми түрде кездеспегенмін. Жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз", - деді Бибосынов. 

Айта кетейік, 52 келідегі жартылай финалдық жекпе-жек 5 тамыз күні өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!