Азиада
1 тамыз 10:22

"Екі раунд қан тоқтамады". Қазақстандық боксшы Олимпиададағы айқасы жайлы

©

75 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Олимпиада ойындарындағы жеңілісіне қатысты ойын айтты. 

Қазақстандық боксшы 1/8 финалда панамалық Атейне Байлоннан төрешілер шешімімен жеңілді. 

"Екі раунд алда тұрдым. Үшінші кезеңде де есепте алда болдым деп ойлаймын. Маған солай көрінді. Төрешілік туралы ештеңе айта алмаймын. Солай болуы керек шығар. Қарсыласым Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері. Өте тәжірибелі спортшы.

Бірақ мен  алғашқы екі раундқа қарағанда үшінші раундта әлдеқайда дәлірек болдым. Қойылған тактиканың 60 пайызын орындадым. Соққыларын күтіп ала бастадым. Екінші раундтың басында ол мені басымен соқты. Содан соң, екі раунд бойы қан тоқтамады. Демала алмай, капа арқылы тыныстауға тырыстым.

Төрешілік туралы не айтамын? Жау кеткен соң, қылышыңды боққа шап дейді ғой. Әрине, өкінішті. Қанша еңбектеніп, бәрінің осылай аяқталғаны... Мен осы Олимпиадада Қазақстан әнұраны шырқалады деп сенемін", - деді Хальзова. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport