Азиада
27 ақпан 2017 10:13
 

Денис Тен Азиада ойындарындағы нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты

  Пікірлер

blog.share

Денис Тен Азиада ойындарындағы нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты Денис Тен. Сурет japantimes.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Саппорода өткен Азиада ойындарында көрсеткен нәтижесі өте нашар екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Өте өкінішті. Қайта тұру үшін құлаймыз ғой, солай емес пе? Басымнан мұндай жағдайлар талай өткен. Шын жүрекпен қолдау көрсетіп, қабылдаған жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін. Жапониядағыдай жанкүйерлік еткен жарыста алғаш рет өнер көрсеттім", - деп жазыпты Тен Instagram әлеуметтік желісінде

Сонымен қатар, спорты Саппородағы нәтижесі көңілінен шықпағаны және өзін жайсыз сезінетінін айтқан.

"Бұл көңіл-күйімді түсіреді. Мүмкін, болашаққа сақтап қойған болармын. Қолдауларыңызға рахмет. Енді кеудемізді қайта тіктеп, Хельсинкиде жолығамыз", - деп сөзін қорытындылады Тен.

Қысқа және еркін бағдарламалар қорытындысы бойынша Тен 198,88 ұпай жинап, бірінші бестікке де кіре алмады. Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рахымғалиев екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 189,59 ұпай жинады. 24 ақпанда Денис Тен өнер көрсету кезінде құлап қалды. Осы сәтсіз өнер көрсетуінің әсерінен ол тек тоғызыншы орынды қанағат етті. Ол 72,98 ұпай жинады.

blog.share
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Саппорода өткен
Азиада ойындарында көрсеткен нәтижесі өте нашар екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Өте өкінішті. Қайта тұру үшін құлаймыз ғой, солай емес пе? Басымнан мұндай жағдайлар талай өткен. Шын жүрекпен қолдау көрсетіп, қабылдаған жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін. Жапониядағыдай жанкүйерлік еткен жарыста алғаш рет өнер көрсеттім", - деп жазыпты Тен Instagram әлеуметтік желісінде

Сонымен қатар, спорты Саппородағы нәтижесі көңілінен шықпағаны және өзін жайсыз сезінетінін айтқан.

"Бұл көңіл-күйімді түсіреді. Мүмкін, болашаққа сақтап қойған болармын. Қолдауларыңызға рахмет. Енді кеудемізді қайта тіктеп, Хельсинкиде жолығамыз", - деп сөзін қорытындылады Тен.

Қысқа және еркін бағдарламалар қорытындысы бойынша Тен 198,88 ұпай жинап, бірінші бестікке де кіре алмады. Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рахымғалиев екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 189,59 ұпай жинады. 24 ақпанда Денис Тен өнер көрсету кезінде құлап қалды. Осы сәтсіз өнер көрсетуінің әсерінен ол тек тоғызыншы орынды қанағат етті. Ол 72,98 ұпай жинады.

Жарнама

Живи спортом!