Еркін стилде күресетін ресейлік балуан Абдулрашид Садулаев Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
97 келіге дейінгі финалында Садулаев америкалық Кайл Снайдерді 6:3 есебімен жеңді.
Р-Спорт мәліметінше, Садулаев карьерасындағы екінші алтынды ешкімге айтпай, жасырып келген тізенің ауыр жарақатымен жеңіп алған.
Токио Олимпиадасында ресейлік еркін күрестегі балуандар үш алтын және екі қола жүлде алып, жалпы командалық есепте бірінші болды.