Азиада
26 шілде 2021 16:12

"Бірден ашық айқасқа кірісіп кетті". Бибосыновтың бапкері Олимпиададағы бірінші кездесу туралы

Сурет: olympic.kz©

Токио шаршы алаңында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Осыған орай спортшының жеке бапкері Мырзағали Айтжанов Vesti.kz тілшісіне кездесу туралы ойын бөлісті. 

"Бірінші кездесу болғаннан кейін әрдайым қиын болады. Оңай қарсылас жоқ. Қарсыласы да құрлықтан, Америка континентінен іріктеліп келген боксшы. Бірінші раунд барлау емес, бірден төбелеске ұласты. Екінші раундтан бастап Сәкен өзінің ойынын көрсетіп, аяқ-қолын, бойының ұзындығын пайдаланып, айтқанымызды істеп отырды. Нәтижесінде қарсы шабуыл жасап, жекпе-жекте жеңіп шықты.

Ендігі қарсыласы әлем чемпионатының қола жүлдегері, франциялық спортшы. Онымен осы уақытқа дейін кездескенбіз. Ұттық та, ұтылдық та. Есеп 1:1. Ертең шешуші сәтте барымызды салатын кез келді", - дейді бапкер.

Айта кетеік, 52 келіде сынға түскен Бибосынов бірінші айналымда Пуэрто-Рико өкілі Янкель Ривера Фигероамен кездесіп, 4:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport