Бокстан Қазақстан командасының капитаны 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, 1/4 финалға өтті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Қамшыбек 1/8 айналымда Мысыр елінің өкілі Есри Мұстафамен кездесіп, төрешілер шешімімен Қоңқабаевтың пайдасына шешілді.
Қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы - ресейлік Иван Верясов.