Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Токио Олимпиадасын қорытындылады, деп жазады Vesti.kz порталы. Әңгіме барысында ол алдағы уақытта қызметінен кетуі туралы айта кетті.
- Олимпиада ойындарының нәтижесі көңілден шықпайды. Осыдан кейін сіз бас бапкерлік қызметтен кету туралы ойламадыңыз ба?
- Әрине, ондай ойлар болды. Бірақ басшылар ақылдасып, шешім шығарады.
- Демек, егер басшылық сізді орныңызда қалдырса, ары қарай бас бапкер болып жұмыс істей бересіз бе?
- Мұны да басшылық шешеді. Дәл қазір бұл сұрағыңызға нақты жауап бере алмаймын.
Еске салайық, Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бірде-бір алтын жүлде жеңе алмады. Мұндай жағдай Қазақстан тарихында бірінші рет болды. Токио төрінде біздің боксшыларға тек екі қола ғана бұйырды. Ол жүлделерде Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев алды.