Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарын сәтті бастады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
52 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз бірінші айналымда пуэрторикалық Янкель Ривера Фигероамен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Бибосынов - 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Олимпиада ойындарындағы отандасымыздың келесі қарсыласы франциялық Билал Беннама болады.