Балуандар жарысты бастайды. 1 тамызда шығатын қазақстандық спортшылар
1 тамызда Қазақстан құрамасының алты спортшысы Олимпиада ойындарында жарысқа шығады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
1 тамызда Қазақстан құрамасының алты спортшысы Олимпиада ойындарында жарысқа шығады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
(басталуы 08.00) Грек-рим күресінен 60 келі салмақта Мейрамбек Айнағұлов қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен белдеседі.
Әйелдер күресінен ұлттық құрама мүшесі Эльмира Сыздықова қырғыз қызы Айпері Медетқызымен күш сынасады.
(басталуы 08.17) Жеңіл атлетші Михаил Литвин 400 метрде іріктеу жарысына қатысады.
(басталуы 14.00) Спорттық гимнастикадан ел намысын қорғап жатқан Милад Карими еркін жаттығудың финалында медальға таласады.
(басталуы 15.18) Боксшы Әбілхан Аманқұл 75 келіде бразилиялық Эберт Соузамен жұдырықтасады.
(басталуы 16.24) 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде капитан Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда ресейлік Иван Вериясовтан емтихан алады.
Еске салайық, Қазақстан құрамасының сапында дзюдошы Елдос Сметов, зілтеміршілер Игорь Сон мен Зүльфия Чиншанлолар қола медальдарды еншілеген болатын. Әзірге біздің команда жалпы есепте 66 орында. 1 алтын, 1 қоласы бар көрші өзбек спортшылары 36 орынға жайғасқан.
Жарнама