Әзірбайжанның дзюдо федерациясы Олимпиададағы нашар көрсеткіштен соң барлық бапкерді қызметінен қуды
Әзірбайжан дзюдо федерациясы команданың барлық бапкерін қызметінен босатты. Оған Токио Олимпиадасындағы нашар көрсеткіш себеп болған.
Әзірбайжан дзюдо федерациясы команданың барлық бапкерін қызметінен босатты. Оған Токио Олимпиадасындағы нашар көрсеткіш себеп болған.
"Токиодағы Олимпиада ойындарындағы нашар көрсеткіштен кейін біз барлық бапкерді отставкаға жіберік. Осылайша, украиналық бас бапкер Руслан Машуренко мен оның көмекшілерінің барлығы қызметінен қуылды. Сонымен қатар, дзюдошылардың айлығы спортшылардың алдағы уақытта көрсеткен нәтижелеріне байланысты төленеді. Дзюдодан Әзірбайжанның жастар құрамасының бас бапкері Эльчин Исмаилов Ұлттық құраманың уақытша бас бапкері болады", - делінген Федерацияның ресми сайтында.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасына Әзірбайжан атынан жеті дзюдошы бар. Бірақ бірде-бір жүлде жеңбеді. Ал әйелдер арасында тек 78 келіде өнер көрсететін Ирина Киндзерская қола жүлде еншіледі.
Жарнама