Азиада
27 ақпан 2017 12:47
 
Азия ойындарында қазақ спортшылары қанша табыс тапты?

  Пікірлер

blog.share

Азия ойындарында қазақ спортшылары қанша табыс тапты? ©Данияр Майлыбаев

Vesti.kz тілшісі қазақстандық спортшылар мен бапкерлер Азияда-2017 сайысында қанша пайда көргенін есептеді.

Жапонияның Саппоро қаласында өткенVIII қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 32 жүлдеге - 9 алтынға, 11 күміс және 12 қолаға ие болды.

Азиада және өзге жарыстыар үшін сыйақылар ҚР 2014 жылдың 19 желтоқсанындағы №1435 жарлығымен реттеледі. Ол бойынша, Азия ойындарындағы алтын үшін спортшы 10 000 доллар алады, күміске - 5 000, ал қолаға - 3 000.

Командалық ойындар мен эстафетаға қатысушыларына да осындай сомма жеке-жеке төленеді. Осылайша, хоккейден Қазақстан құрамасының 22 ойыншысы бірінші орын үшін әрқайсысы 10 мың доллардан алады.

Қазақстандық алтын жүлде жеңіп алған спортшылар бұл жарыста 320 000 мың доллар табыс көрді. Күміс жүлде алғандар - 100 000, қола алғандар - 117 000. Жалпы алғанда Азия ойындарында қазақстандық спортшыларға 537 мың доллар сыйақы беріледі. 

Ал бапкерлер Универсиада мен Олимпиадаға қарағанда Азияда үшін спортшылардан азырақ сыйақы алады. Алтын жүлде үшін бапкер 5 000 доллар, күміске - 3 000, ал қола үшін - 2 000. Оның үстіне бұл сомма бірінші және жеке бапкер арасында бөлінеді.

Жалпылай Азияда-2017 ойындарында шәкірті алтын алған бапкерлер 60 000 доллар алды. Күміс үшін - 60 000, қола үшін - 36 000. Жалпылай алғанда бапкерлерге 156 000 доллар төленді.

Азияда-2017 сайыстарында жүлде алған спортшылар мен бапкерлерге мемлекет 693 000 доллар немесе 215 миллион 523 теңге жұмсайды. Сыйақы республикалық бюджеттен төленеді.

Айта кетейік, Универсиада-2017 сайыстарында спортшылар мен бапкерлерге 458 миллион 200 мың теңге, Олимпиада-2016 үшін 1 миллиард 551 мың 420 теңге төленді

Жарнама

Живи спортом!