Айман Ратова спорттық жүрістен Олимпиада 42-орын алды
Бүгін Токио Олимпиадасында спорттық жүрістен әйелдер арасында 20 шақырымға жарысудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Спорттың бұл түрінен қазақстандық Айман Ратова бақ сынады деп жазады Olympic.kz.

Спорттық жүрістен Олимпиада чемпионы атағын италиялық Антонелла Пальмизано иеленді. Оның уақыт көрсеткіші - 1:29,12. Күміс жүлдені колумбиялық Сандра Лорена Арунас, қоланы қытайлық Лю Хун жеңіп алды.
Айман Ратова 1:40,02 нәтижесімен 42-ші орынға табан тіреді. Ол чемпион атанған спортшыдан 10 минут 50 секундқа қалып қойды.
Жарнама