auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Алина Әділханова Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды

Қазақстан құрамасының қоржыны сегізінші алтын медальмен толықты.

Алина Әділханова Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды
Сали Сабиров
Джакарта мен Палембангта өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны сегізінші алтын медальмен толықты. Көркем гимнастикадан жекелей сайыста Алина Әділханова топ жарды.

Қазақстандық спортшы жекелей сындағы төрт жаттығу (шеңбер (обруч), доп, таяқ (булава) және таспамен (лента)) қорытындысы бойынша 66,500 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды. Күміс медальды Өзбекстан спортшысы Сабина Ташкенбаева (65,850) иеленді. Қола жүлдеге қытайлық Ятинг Жао (65,550) қол жеткізді.

Алина Әділханова XVIII жазғы Азия ойындарында екінші алтынын иеленді. Отандасымыз кеше командалық сайыста барын салып, қазақ елінің абыройын асырған еді.

Жекелей сайыста Адиля Тілекенова да жарыс жолына шыққан болатын. Ол 57,250 ұпай жинап, 24 қатысушының арасында 9-орын алды.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 8 алтын 8 күміс 29 қола медальмен жалпы есепте 10-орында келеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар