Азиада
6 тамыз 2021 20:45
 

"Ақысын жеп, жеңісін ұрлады". Олимпиадада қазақ балуанды аяқтан шалған төреші жазаланды

  Пікірлер (1)

blog.share

"Ақысын жеп, жеңісін ұрлады". Олимпиадада қазақ балуанды аяқтан шалған төреші жазаланды Сурет: olympic.kz. Жеңіс Ысқабай©

Токио Олимпиадасының ширек финалында төрешілер қазақстандық балуан Әлішер Ерғалидің ақысын жеді. Қазақстанның күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share
1

Токио Олимпиадасының ширек финалында төрешілер қазақстандық балуан Әлішер Ерғалидің ақысын жеді. Қазақстанның күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz

"22 жастағы жас балуан Әлішер Ерғалиден Олимпиаданың 1/4 финалындағы жеңісін ұрлады. Бірінші төрешілер төрт баллдық әдіске 2 ұпай берді, одан кейін түркиялықтың кілем сыртына шығып кеткені үшін Әлішерге тағы 1 балл бермеді. Екі кезеңде де Әлішер белсенді болып, шабуылдап отырды, ал қарсыласына сол күйі ескерту бермеді, бұл тағы бір ұпай. Сонда бәрі 4 балл. Енді төрешілер тарапынан осындай қайталанбау жолын ойластырамыз", - деп береді Ерлан Қожасбайдың сөзін федерацияның баспасөз қызметі. 

Сонымен қоса, осы белдесу кезінде қазылық еткен төреші шеттелген екен. Ал өзгелеріне ескерту жасалған.

Еске салайық, Әлішер Олимпиаданың ширек финалында түркиялық Сулейман Караденизден 7-8 есебімен жеңіліп, Токиодағы жарыс жолын аяқтады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!