Еркін стилде күресетін (74) қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Олимпиадада жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қолаға белдесу кезінде ол өзбекстандық балуан Бекзод Абдурахмоновқа есе жіберіп, Олимпиада жүлдесіне жете алмады.
"Баршаңызға Асаламу Алейкум! Маған сенім артқандардың үмітін ақтай алмағаным өкінішті. Әкем екеуміз бұл Олимпиадаға бала кезімнен дайындалдық, ең ауыры, тұғырға көтерілмей, әкемнің арманын орындай алмағаным. Олимп биігіне көтерілу әркімнің маңдайына жазыла бермейді! Бірақ біз осыған талпындық...", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.