Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азиа ойындарында Гонконг құрамасымен кездесіп, ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Қазақстандық хоккейшілер қарсыластар қақпасына 19 жауапсыз шайба салып, екінші жеңісіне қол жеткізді.
Осыған дейін, Александр Мальцев шәкірттері Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Оған дейін Жапониямен ойында 0:6 және Қытай 3:8 есебімен жеңілген болатын.
Осы жеңісінің арқасында Қазақстан құрамасы хоккей турнирінің қол медаліне бір табан жақындады.
25 ақпанда Біздің қыздар Таиланд бұрымдыларымен мұз айдынында кездеседі.
Жарнама