Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ольга Рыпакова Азия ойындарында топ жарды

Бұл - Қазақстан қоржынына түскен 60-шы медаль.

Ольга Рыпакова Азия ойындарында топ жарды
olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Индонезиядағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына он бірінші алтын медальды салды.

33 жастағы отандасымыз үш қарғып секіруден үздік шықты. Екінші мүмкіндігінде 14 метрге қарғып, алға озды. Ал бесінші мүмкіндігінде 14,26 метрге секірді.

Ольга Рыпакова төртінші рет Азия чемпионы атанып отыр. Үш рет қатарынан топ жарды.  2006 жылы Дохада жетісайыста жеңімпаз атанды. Ал 2010 жылы Гуанчжоуда, араға 4 жыл сала Инчхонда үш қарғып секіруден үздік шықты.

Ольганың жеңісі – Қазақстан қоржынына түскен 60-шы медаль. Қазіргі таңда 11 алтын 11 күміс 39 қола медальмен жалпы есепте 10-орында келеді. Азия ойындары 2 қыркүйек күні аяқталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости