Сауд Арабия елінің Эр-Рияд қаласында Әлемдік жекпе-жек ойындары өтуде. Аталған әлемдік додада бақ сынап жатқан "Шардара Армспорт" спортшылары 5 алтын медаль жеңіп алды.
Атап айтар болсақ :
70 келіде Сарыбай Ердаулет
80 келіде Айдархан Нұрдаулет
100 келіде Ақтаев Талғат
110 келіде Қаржау Есболат
+110 келі салмақта Құттымұратов Медет қарсылас шақ келтірмей алтынды олжалады.
Әлемдік жекпе-жек ойындарында 8 күннің ішінде, 16 спорт түрінен жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы 12 алтынмен 2-орынға табан тіреген болса, соның 5 алтынын абыроймен еншілеген шардаралық қол күресі шеберлері әлемдегі ең мықты құрама екенін тағы бір дәлелдеді.
Әнұранымызды шырқатып, көк туымызды көкке көтеріп, ел абыройын асқақтатқан отандастарымызды және барша Қазақ елін жеңісімен құттықтаймыз!