auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Астаналық спортшы армрестлингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды

Астаналық спортшы армрестлингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды
© astana.gov.kz
Қазақстан құрамасы жастар арасында жалпыкомандалық есепте бірінші және ересектер арасында екінші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Түркияда армрестлингтен өткен Әлем чемпионатында Еркін Әлімжанов екі алтын жеңіп алып, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Елордалық "Жігер" спорт клубының тәрбиеленушісі халықаралық додада ардагерлер арасында 75 келі салмақ санатында өнер көрсетіп, оң және сол қолмен күш сынасуда бірінші орын алды.

Армрестлингтен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында Астанадан "Толағай" жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары да өнер көрсетті. Олар қазақстандық команданың қоржынына төрт жүлде салды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Георгий Дзеранов 100 келі салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын алды. ҚР халықаралық сыныптағы спорт шебері Әлімжан Мұратов 80 келі салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын, оң қолмен күресте екінші орын алды.



ҚР Спорт шебері Арман Рахманқұлов 85 келі салмақ санатында оң қолмен күресте қола жүлдені қанағат тұтты.

Армрестлингтен Әлем чемпионаты Түркияның Анталья қаласында 12-21 қазанда өтті. Жарыста әлемнің 40-тан астам мемлекетінен 1300 тарта спортшы бәсекеге түсті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жарнама

Жарнама