26 дүркін әлем чемпионын. Армрестлинг аңызын жеңген қазақ жігітіне сыйға пәтер берілді
Шардаралық (Түркістан облысы) армрестлингші Қыдырғали Оңғарбаевқа әлемнің 26 дүркін чемпионы Джон Брзенкті жеңгеннен кейін екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR телеарнасына сілтеме жасап.

"Пәтерді ұстазым әрі бапкерім - Түркістан облысы армрестлинг федерациясының президенті Арман Қарсыбаев Shardara Armsport командасымен бірге сыйға тартты", - деді спортшы.
Мен үйдің кенжесімін. Сондықтан ата-анаммен бірге тұрамын. Сыйлыққа пәтер алғанда таңғалдым", - деп қосты Оңғарбаев.
Телеарна мәліметінше, Қыдырғали бақытты әке, сүйікті жар. Шардарада жеткіншектерді жаттықтырады. Енді Қыдырғали армрестлингтен әлем чемпионатына дайындалып, өз елінің намысын әлемдік деңгейде қорғағысы келеді.
Еске салайық, 6 тамызда Ыстамбұлда өткен Шығыс пен Батыс халықаралық турнирінде 27 жастағы Қыдырғали Оңғарбаев армрестлингтің аты аңызға айналған америкалық 58 жастағы Джон Брзенкті 3:1 есебімен жеңген болатын.
Жарнама