Садақ ату
Бүгін 18:35

Шанхайдағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандықтар садақшылар іріктелді

©ҚР ҰОК

Бүгін, 5 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында садақ атудан Әлем кубогының екінші кезеңі басталады.

Ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сапында 15 мерген бақ сынайды. Төменде ұлттық құраманың тізімі көрсетілген.

Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Иван Берча, Дастан Каримов, Александра Землянова, Диана Тұрсынбек, Мадина Заемова, Самира Жұмағұлова.

Блоктық садақ ату: Ақбарәлі Қарабаев, Бунед Мирзаметов, Мұса Ділмұхамет, Андрей Тютюн, Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова, Диана Юнусова.

Әлем кубогының кезеңі 10 мамырға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport