Садақ ату
3 қазан 19:00

Садақ атудан Қазақстан кубогінің финалдық кезеңі Шымкентте өтеді

©olympic.kz

Шымкентте садақ атудан Қазақстан кубогінің финалдық кезеңі өтеді.

Оған Қазақстан құрамасының көшбасшылары қатысады. Атап айтқанда, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Роксана Юнусова, Виктория Лян және Адель Жексенбинова сынға түседі.

Жарыс 6-10 қазан аралығында өтеді. Жүлделер блоктық және классикалық садақ атудан сарапқа салынады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport