Садақ атудан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы үздік ондыққа енді

Бүгін Тайландтың Бангкок қаласында садақ атудан лицензиялық Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні өтуде, - деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Классикалық садақ атудан ерлер арасындағы бәсекені бірінші айналымы артта қалды. Қазақстандықтар сапынан ең көп ұпай жинаған - Денис Ганькин. Ол 337 ұпаймен алтыншы орында тұр.

Сұлтан Дүзелбаев 26-шы, Ильфат Абдуллин 43-ші, Санжар Мұсаев 46-шы орында келеді.

Айта кетейік, классикалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленген болатын. Біздің команда лицензияны Голландияда өткен әлем чемпионатында жеңіп алды.
Метки: