Садақ ату
Бүгін 19:52

Садақ атудан АЧ-ге қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы Шарджа қаласында (БАӘ) өтетін садақ атудан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысады.

Отандастарымыз 18 және 21 жасқа дейінгі санаттарда бақ сынайды.

U18

Классикалық садақ: Батырхан Зинабдин, Диербек Давлетбеков, Райымбек Майкибаев, Алихан Тұяқ, Әлібек Назеркеш, Ангелина Власова, Айлин Байбатчина, Ясмин Ғалиахмет.

Блоктық садақ: Қалауын Төлендиев, Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Сұлтан Жақанбет, Әси Әзімбай, Аяжан Жақсылық, Милана Бурлева, Жанел Шадьярова.

U21

Классикалық садақ: Әлемхан Қабдрахманов, Рахымжан Қамар, Санжар Ержанұлы, Анастасия Солодовникова, Аяла Үсен, Александра Землянова, Самира Жұмағұлова.

Блоктық садақ: Әлімжан Қалымқанов, Данияр Жұмаев, Қуан Рысқұлбек, Андрей Тютюн, Айлана Нұрланова, Юлия Захарова, Диана Юнусова, Жанайым Тұрсынбек.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 14-22 желтоқсан аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport